Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫДА 1300 АДАМҒА ЖЕР ТЕЛІМІ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

ҚАРМАҚШЫДА 1300 АДАМҒА ЖЕР ТЕЛІМІ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫӨткен жылы Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентіндегі жаңадан бой көтеретін шағын ауданға 170 гектар жер бөлінген болатын. 
Ал биыл инженерлік инфрақұрылымдарды салуға ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен 720,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 80 млн. теңге, барлығы 800,0 млн.теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін бұл қаржыға 22 көшеге 33 шақырым жол төселіп, 24 шақырым телефон желісі мен 44 шақырым электр желісі тартылмақ және подстанция салынады. Сөйтіп, күні бүгінге дейін жер алу үшін кезекте тұрған азаматтардың жер учаскелерге деген сұранысы 100 пайызға қамтамасыз етілетін болады. Бұл жерде Халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы, аудандық ішкі істер бөлімі, 1 мектеп, 2 балабақша, және спорт алаңдары бой көтереді. Айта кетейік, Жосалы кентінде 2006 жылдан бері ешқандай жер телімі берілмеген болатын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: