Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікті анықталды

Қызылорда облысында алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікті анықталды. 
Қызылорда облысының ПД Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің тұрғынынан алаяқтық дерегі бойынша арыз түскен. Жәбірленушінің айтуынша, 2022 жылдың қыркүйек айында белгісіз азаматша мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сенімге кіріп, 500 мың теңгесін алып, осы күнге дейін түрлі жалған ақпарат беріп, алдап келген. 
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерінің күдікті ретінде облыстың 48 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: