Бүгін аудан әкімі Асылбек Шаменов Рәміздер аллеясы орналасатын жерге барып, жер дайындау жұмыстарымен танысты.
Мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытында аяқталуын тапсырды.
Айта кету керек, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде Жалағаш кентіндегі Дәуімбай елді мекенінде, жабық бассейн құрылысының жанында Рәміздер аллеясы салынуда.
Рәміздер аллеясының құрылысын 30 тамыз - ҚР Конституция күніне орай аяқтап, пайдалануға берілмек.