Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дүйсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Синоптиктер 7 маусым күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.
Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Республиканың батысында бұршақ жаууы мүмкін.
Тек республиканың қиыр солтүстігі мен шығысында жауын-шашын жаумайды.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, шаңды дауыл соғады. Жел қарқыны күндіз 25 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі, кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с.
Маңғыстау, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Қостанай облыстарында найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Атырау, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркірейді.
Күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: