Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада  бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктілер ұсталды

13 маусымда полицияға жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Саяжайда тұратын жәбірленушінің айтуынша, 10 маусымда белгісіз тұлғалар жатын бөлмесінің терезесін бұзып, үйге кіріп, тұрмыстық заттарын ұрлап кеткен.
 Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері  жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті анықталып, ұсталды. Олар облыс орталығының тұрғындары болып шықты. 
 Тергеу барысында күдіктілер жасаған қылмысын толықтай мойындады. Қазіргі таңда олар  уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
 Сондай-ақ, күдіктілер бұл қылмыстан бөлек, 9 маусым күні сол саяжайдағы тағы бір үйге ұрлыққа түскендерін мойындады. Бұдан бөлек, олардың басқа пәтер ұрлығына оқталғандығы анықталып отыр. Барлық деректердің мән-жайлары тексерілуде.   
 Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188–бабының 3– бөлігінің 2, 3-тармағына (Тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: