Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Құрылыс материалдарын сататын кәсіпкер жұмыс ауқымын кеңейтті

Құрылыс материалдары, соның ішінде сапалы цемент – құрылыс жұмыстарының негізі. Сумен химиялық реакция кезінде кристалдану қабілеті жоғарылығының арқасында табиғи тастай берік, кез-келген түрдегі өнім алуға болады. Ал бұл саладағы бизнес – көзін тапқан адамға тұрақты табыс алып келеді.
Қызылорда қаласындағы цемент және құрылыс материалдарының ірі жеткізушісі саналатын ерлі зайыпты Алмат пен Жадыра Жүнісовтердің бұған көзі жеткен. 
Кәсіпкерлер 1998 жылдан бастап Қызылорда қаласының орталық базарында құрылыс материалдарын сатумен айналысқан. Бизнесті кеңейте отырып, 2011 жылы Жүнісовтер «Керамин-Сервис» атты ЖШС ашты. Клиент көбейтіп және оларға ыңғайлы болу үшін компания бастапқыда тауарларды тегін жеткізіп беретін. 10 жылдан бері компания нарықта сәтті жұмыс істеп келеді және тауарларын жекеменшік «Тоғжан» дүкені арқылы сатуда. Мұнда құрылыс материалдарының барлық түрлері бар.
2021 жылы Алмат Әбсадықұлы «Тоғжан» сауда үйінің айналым қаражатын толықтыруға несие қажет болды. Қор филиалына келіп, кеңес алған соң «Форте банктен» несие алды. Жобаны «Даму» Қоры қолдап, «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялады. Нәтижесінде кәсіпкер қарызын бар болғаны 6%-бен төлейді. 
Компанияның меншігінде қойма жайлары бар «Қайнар-бұлақ» атты бизнес-орталық бар. Оны кәсіпкер жалға береді. Жастайынан спортқа құмартып өскен Алмат Жүнісов бокс, күрес секілді бағыттар бойынша қала мен облыстың жас спортшыларын қолдап отырады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: