Полицей формасын киіп, ВИДЕОға түскен актердің басы бәлеге қалды
Талдықорғанда полицей формасын киіп, видеороликке түскен актердің басы дауға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"kris_p_tdk" парақшасындағы жазбаға сүйенсек, жарнамалық бағыттағы видеоға түскені үшін актерге екі бап бойынша хаттама толтырылған. Видеодан форма киген жігіттің дүкенге кіргенін көруге болады. Ол дүкен сатушысына "санитарлық нормалардың сақталуын тексеру үшін келдім. Капитан Омарбеовк" деп өзін таныстырған. Соңында көлігі жоқ болса да әлгі дүкеннен екі шина алып шыққанын айтқан.
Сондай-ақ желідегі жазбада: "Қазіргі кезде оның әрекетіне байланысты хаттама толтырылып, сотқа жіберілді. Бұл ісі үшін оған 13 890 теңге және полиция формасын кигені үшін 444 480 теңге айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамалады", – делінген.
Осы орайда, адвокат Мамырқановтың пікірінше, бейнежазбада жала жабу туралы әңгіме ақылға қонымсыз. Себебі, актер форма киіп қоғамға қауіпті әрекет жасауға әрекеттенбеген және видеоны, полицей киімін бопсалау, алдау, қорқыту секілді теріс мақсатта пайдаланбаған.
"Бұл кинодағы, театр қойылымындағы заманауи вайндардағы секілді ойын, бұл - образ!", - деп жазды адвокат.