Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Гүлнар Алтынбасова: Екпеге күмәнмен қарамау керек

Қазіргі уақытта кеселді жеңудің жалғыз ғана жолы бар. Ол вакцина салдыру. Екпе ектіруге күмәнмен қараудың, бұл процедурадан қорқудың қажеті жоқ. Облыс орталығындағы емханалар мен сауда орталықтарында екпе егу пунктері жұмыс жасап жатыр. Кез-келген уақытта барып, екпе ектіруге болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Гүлнар Алтынбасова мәлімдеді.
- Сіздерді мамандардың кеңесіне құлақ түруге шақырамын. Бүгінгі күні басты мақсат – ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Сол кезде ғана біз бұрынғы тіршілігімізге орала аламыз. Өз басым алғашқылардың бірі болып вакцина салдырдым. Препараттың екі компонентінде толық қабылдадым. Бұл шешімім үшін өкінбеймін. Жалпы, қауіпті инфекцияға жасы үлкен адамдар тез шалдығатындығы айтылып жатыр. Мен екпе ектіру арқылы өзімді және де отбасымды дерттен қорғадым деп ойлаймын. Сол себепті барлықтарыңызды вакцина салдыруға шақырамын. Өткен жылдан бері бетперде тағып жүру күнделікті өмірімізге етене еніп кетті. Соның өзінде осы сақтық талабына салғырт қарайтын жерлестеріміз бар. Бұған қоса, әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңызы зор. Көпшілік жиналатын қоғамдық орындарға бармауға тырысу қажет. Той-томалақтардан да бас тартқан абзал,- деді Гүлнар Жағыппарқызы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: