Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық кәсіпкерлер қол ұшын созды

Қызылорда қаласының қайырымды азаматтары сын сағатта көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруде. Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімдігі хабарлады.
Қала кәсіпкерлері "Nur Otan" партиясының #BizBirgemiz акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, ерекше қамқорлықты қажет ететін жанұяларға азық-түлік үлестірді. Бұл қайырымдылық іске қаламыздың белгілі кәсіпкерлері, "Nur Otan" партиясының мүшелері атсалысты.
Атап айтқанда, "Абай Дәулет" ЖШС директоры, кәсіпкер, Мұрат Сәрсенбаев 200, "Мағжан и К" ЖШС директоры, кәсіпкер Мағжан Ералиев 100 , "Най-мир" ЖШС 100 отбасыға күріш өнімдерін таратты. Сондай-ақ қаламызда шағын кәсіпкерлік саласын дамытып отырған Қанат Смагұлов 50 , «Сыбаға» ЖШС директоры Лейла Ризванова 200 отбасын көкөніс өнімдерімен қамтыды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: