Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» тас жолының бірқатар бөлігінде дизелді көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Облыстың Арал ауданымен шектесетін Ақтөбе облысының ауа-райы күрт нашарлап тұр. Онда ауа райының күрт өзгеріп, қатқақ болуы байқалған.
«Осыған байланысты 8 қаңтарда елорда уақытымен 23.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығына дизелді көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданының орталығына дейінгі аралықты қамтиды», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.