Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік бағдарлама игілігін көрді

Арал ауданының тұрғыны Елеукешова Айдана  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" Қызылорда филиалынан ірі қара мал басын көбейту мақсатында несие алу мақсатында жұмыс жасады.
 «Мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы шеңберінде несие алып 54 сауын сиыр сатып алды. Осылайша мал шаруашылығын дамытуға үлесін қосуда. Несие мерзімі - 120 ай, сыйақысы - 16%, оның 10% мемлекет тарапынан субсидияланады. Іске сәт!
Айта кетсек, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалы мал шаруашылығын дамытамын деген ауылдық елді мекен кәсіпкерлеріне 6,5 жылға 6 пайызбен, көп балалы отбасыға 4 пайызбен 4 млн теңгеге дейін несие береді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: