Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аудан әкімі кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысты

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиалының жұмысымен танысты. Филиал директоры Нұрсауле Ембергенова орталық арқылы көрсетілетін ісін жаңа бастаушы, сондай-ақ жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлерді қолдау, несие алуға сүйемелдеу, көрсетілетін тегін сервистік қызметтер жөнінде түсіндіріп өтті.
Аудан әкімі ғимарат ішін аралап, орталық жұмысымен танысқан соң қазіргі пандемияның таралу қарқыны белең алып тұрған уақытта кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, қолдау шараларын белсенді түрді жалғастыруды, бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулыларымен таныстырып отыруды тапсырды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандар мен қоғамдық тамақтану орындарының басшыларына барлық қызметкерлердің санитарлық талаптарды сақтап, коронавирус инфекциясына қарсы екпе алу жөнінде түсіндерме жұмыстарын үздіксіз жүргізу қажеттігін айтты.
Атап өтейік, 2021 жылдың 6 айында аудандық палата тарапынан кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға 606 қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы ауданда 1-2 лек бойынша 120 азамат оқуын аяқтаған, қазір 3 лекте 94 азамат оқытылып жатыр.
Аталған оқу курсын аяқтаған аудан жастары, жұмыссыздар, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасы мүшелері аталған бағдарлама аясында мемлекеттік грант конкурсына қатысып, нәтижесінде биылғы жылы 130 азамат жалпы соммасы 75,842 млн теңге болатын 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз гранттарға қол жеткізген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: