Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада үш күннен бері хабарсыз кеткен 20 жастағы қызға іздеу жарияланды

Қызылордада үш күннен бері хабарсыз кеткен 20 жастағы қызға іздеу жарияланды.
Биылғы жылдың 26 қыркүйегінде сағат 12.00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кеткен 20 жастағы Болатбек Мәнсия Еділқызы  содан бері хабарсыз болып отыр. Ол Қызылорда қаласында медициналық колледжінде 3 курсында оқиды. 
Қазір Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы  бойжеткенді іздеп жұмыстарын бастады. Бұл мақсатта облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырлары, саяжайлар, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттар, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлер тексерілуде. Бұл жұмыстар Полиция департаменті бастығының бақылауында. 
«Ерекше белгілері: бойы 155 см, орта денелі шашы ұзын қара. Киген киімдері: қоңыр түсті ұзын етекті көйлек, қызғыш түсті хиджаб киген. Бойжеткен қыз жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Кезекші бөлімі 29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: