Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Музейге құнды жәдігер тапсырылды

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі жүргізген тарихи-этнографиялық экспедиция нәтижесінде музей қоры Сердалы Бекшорин мөрінің көшірмесімен толықты. 
Сердалы  Бекшориннің мөрі 8 (сегіз) бұрышты болып келген, айналасы бірдей қашықтықта кертіліп, орталарына нүкте қойылған, ортасына төте араб жазуымен "Сердалы Бекшора" (аяқ жағы қол қойған сияқты шимайланған) деп жазылған. Артқы бөлігінде жіп өткізуге арналған ілмегі бар.  Сердалы Бекшорин - алғашқы қазақ зиялыларының бірі, Төртқара руының правителі, хорунжий, би, суретші-картограф.  1860 жылы Ресей императорының қабылдауында болған Батыс қазақтарының депутациясының құрамында болған. Қазақстандағы кескіндеме өнерінің пайда болуы Сердалы Бекшорин есімімен байланыстырылады. Ол Санкт-Петербургте білім алып, онда Шоқан Уәлихановпен, шығыстанушы В.Григорьевпен, этнограф В.Плотниковпен тығыз байланыста болды. Жер-су, өзен-көлдердің атауын жақсы білетін С.Бекшорин Ш.Уәлихановпен бірге қазақ жерінің картасын жасауға қатысты.  Жасалу техникасы: құю, соғу, қалыптау, ою, дәнекерлеу. Материалы: металл (күміс). Авторы: Сыр өңірінің қолөнер шебері Бекзат Жақыпов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: