Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Киік браконьерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Киік браконьерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылды2014 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2014 жылдың 12 айы көлемінде Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының табиғатты қорғау полициясы құрылымдарымен экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бағытында біршама жұмыстар атқарылды. 
Есепті мерзімде облыс көлемінде табиғат қорғау заңнамаларын бұзу дерегі  бойынша барлығы – 430  әкімшілік құқық бұзушылық, 47 қылмыс фактісі анықталған. Оның ішінде, балық саласында – 234, жануар әлемі саласында – 221 және өсімдіктер әлемі саласында – 19 заң бұзушылықтар орын алған. 2014 жылы анықталған экологиялық қылмыстар сотқа жолданды. 
Облыс аумағында киік және басқа да жабайы аң-құстар мен су жануарларына браконьерлік деректерін болдырмау, анықтау және ескерту бағытында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, 2015 жылдың қаңтар айында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында киік аңын заңсыз аулау фактісі бойынша 4 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Олар Қазалы, Жалағаш, Сырдария аудандарында және облыс орталығы Қызылорда қаласында орын алды. Есепті мерзімде табиғатқа елеулі зиян келтіре отырып, заңсыз аңшылықтың 3 дерегі Қармақшы ауданында орын алды.
Сондай-ақ, орын алған экологиялық қылмыстарды ашу, дер кезінде шара қолдану барысында біраз жұмыстар атқарылды. Мәселен, криминалды полиция қызметкерлерімен бірігіп, облыс көлемінде киік браконьерлігіне, оның мүйіздері мен ет өнімдерін заңсыз сату ісіне қатысы бар тұлғалар бойынша тиісті ақпарат жинақтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар тұлғалардың заңсыз әрекеті толық дәлелденіп, заңның аясында қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 
Табиғатқа келтірілген залалды өндіруде қылмыстық іс қозғалғаннан бастап заң шеңберінде айыпталушылардың мүліктеріне, ақша салымдарына шектеу қою, тыйым салу шараларын қолдану бойынша тиісті жұмыстар жасалуда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: