Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «Агробиржа» жобасы іске қосылды

Тәуелсіздік жылдары облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың арқасында оң серпін қалыптасты. Мәселен, соңғы 10 жылда жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 5,9 пайызға өсті. Сондай-ақ, өнімдердің электрондық саудасын жүйелендіру және агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында «Агробиржа» жобасы іске асырылды.


- Биыл мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулардың арқасында жалпы егіс көлемі 188,1 мың гектарды құрады. Ал 2016 жылдан бастап егілген өнімдерге 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқымдарды пайдалануда. Бұл соңғы 25 жылда болмаған көрсеткіш. Нәтижесінде, күріштің өнімділігі 12,6 пайызға ұлғайды, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев.
Айта кетейік, жыл сайын өндірілген күрішті қайта өңдеу толығымен жолға қойылған болатын. 1991 жылға дейін облыста күріш ақтайтын бірнеше ғана зауыт болса, бүгінгі күні аймақта 76 күріш ақтау зауыты жұмыс істейді. Бұл зауыттардың жылдық қуаттылығы 514 мың тоннаны құрайды және жыл сайынғы жиналатын күріштің барлық көлемін өңдеуге толық мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: