Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғанда көше тұрғындары бірге дауыс берді

Бүгін Жаңақорған кентіндегі М.Көкенов көшесінің тұрғындары ұйымшылдық танытып, №335 сайлау учаскесіне бірге келіп, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Көрші-қолаң болып бірлесе дауыс беру арқылы тұрғындар маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті.

Көше тұрғындарының айтуынша, дауыс беру – әр азаматтың ел дамуына өз үлесін қосуына мүмкіндік беретін маңызды қадам.
«Біз үшін дауыс беру азаматтық парызымызды орындау. Елдің ертеңі әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты. Сондықтан көршілерімізбен бірге келіп, өз таңдауымызды жасауды жөн көрдік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын», – дейді М.Көкенов көшесінің тұрғыны.
Ал тағы бір тұрғын өз таңдауын жасауға отбасымен келгенін атап өтті.
«Бүгінгі күннің маңызы зор. Әр адам өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, дауыс беруге белсенді қатысуы керек деп ойлаймын. Тұрғындардың бір кісідей ұйымшылдықпен келгені қуантады», – деді ол.
Мұндай белсенділік қоғамдағы татулық пен бірліктің, өзара сыйластық пен жауапкершіліктің көрінісі.
 
#ЖаңақорғанАуданы
#ҚұрылтайСайлауы
#23Тамыз
#Сайлау
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: