Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 16 дерегі анықталды

21 ақпан мен 2 наурыз күндері аралығында «Автобус» профилактикалық іс-шарасы жүруде. Мақсаты - жол көлік оқиғаларының алдын алу, оның ішінде қоғамдық көлік құралдарымен орын алатын жол көлік оқиғаларын болдырмау.
 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Бақыт Молдабеков мәлімдеді. 
- Іс шараның алғашқы күнінде жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлік иелері тарапынан 470 жол көлік ережелерін бұзу дерегі анықталды. Мәселен, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын, еңбек және демалу тәртібін бұзғандар, көлік құралын тиісті рұқсатсыз жабдықтағандар, рейс алдындағы тексеруден және міндетті техникалық байқаудан өтпегендер, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғандар, маневр жасау қағидасын бұзғандар,- деді Бақыт Ибадуллаұлы.
Сонымен қатар, көлік бақылау инспекция қызметкерлерімен бірлесіп жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 16 дерегі анықталды. Сондай-ақ, атқарушы органдармен бірлесіп автобустар мен таксилердің санкцияланбаған 8 тұрағы жабылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: