Жаңбыр жауып, аяз күтіледі: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
"Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандар еліміздің көп аймақтарында аяз болып, жаңбыр жауатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан аумағының солтүстік жартысында жауын-шашынсыз болғанымен, ауа температурасы өте төмен болады. Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17-28 градусқа дейін төмендейді.
Республиканың батыс аймақтарында көбінесе қар жауып, боран соғады деп болжанды. Ал оңтүстікте негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.
Сондай-ақ Қазақстанның көп бөлігінде жел соғып, 23-28 м/с екпінге дейін күшейеді.