Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыстағы тұрақтандыру қорында 1441,2 тонна өнім қоры бар

Биыл облыстық бюджеттен 800 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатып алынды. 
Облыстағы тұрақтандыру қорында 1441,2 тонна өнім қоры бар. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында тұрақтандыру қорының басқарма төрағасы Талғат Бекішов хабарлады.
-Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында барлық азық-түлік тауарлары жеткілікті. Бүгінде 85 тонна сәбіз және 50 тонна қырыққабат, 220 тонна өсімдік майы, 204 тонна қарақұмық жармасы, 204 тонна бірінші сортты ұн сатып алынды. Ұн бағасын тұрақтандыру үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ мекемесімен арзандатылған бидай алуға меморандум жасалып, бірінші сортты бидай ұнын 125 теңгеден сатып алуға келісім шарт жасалды. Сонымен қатар Ыбырай Жахаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтымен 50 тоннадан картоп, пияз, сәбіз, қырыққабатты сатып алуға меморандум жасалды, - деді Талғат Бекішов.
Айта кетейік, 26 наурыз күні Тағзым алаңында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ және оның серіктестерінің ұйымдастыруымен жәрмеңке өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: