Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсіні ашылды

Қала күні мерекесіне орай мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсінін ашу рәсімі өтті.


Шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Ыдырыс Қалиевтің жұбайы, туған-туыстары және қоғам қайраткерлері мен еңбек ардегерлері қатысты.
Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсінінің ашылу салтанатына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Сыр жұртшылығына арнайы Үкіметтік құттықтау жеделхатын жолдады.
Айта кету керек, ел мүддесі жолындағы еселі еңбектері үшін Ыдырыс Қалиев тәуелсіз еліміздің «Құрмет» орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және Қызылорда облысының, Қызылорда қаласының, Арал, Қазалы аудандарының Құрметті азаматы атағымен марапатталды.
Ескерткіш-мүсіннің биіктігі – 1 метрді құрайды, тұғырының биіктігі – 2,3 метр. Қола материалынан дайындалған. Ескерткіш-мүсіннің авторы – суретші-мүсінші, КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Амангелді Кененбаев.
Қала күні қарсаңында өткен маңызды шаралардың бірі сол жағалаудағы «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында салынған кредиттік тұрғын үйлердің кілтін табыстау рәсімі. Аймақ басшысы кезекте тұрған 20 тұрғынға жаңа пәтер кілтін табыстап, қоныстарымен құттықтады.
«Мерекеге орай жаңа тұрғын үйді пайдалануға берудеміз. Енгізілген карантинге қарамастан аймағымызда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Жаңа үйлеріңіз жайлы, қоныстарыңыз құтты болсын!», - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Өз кезегінде жаңа пәтер алушылар да мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға алғысын жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: