Өңірлік екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесу өтті
Облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетов облыстағы екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелендірудің өзекті мәселелері тақырыбында сөз қозғалды. Сонымен қатар, жыл соңына дейінгі жоспарлар талқыланды.
Басқосуда Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ф.Қожабергенов 2021 жылы қаржыландырылған жобалар мен биылғы жылдың жоспары жайында атап өтті.
Сондай-ақ, "Даму" қорының облыстық филиал директоры Ж.Ермағанбет мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген өзгерістерді баяндады.
Осы ретте, М. Жайымбетов банк басшыларына өңірімізде шағын және орта бизнестің қаржыландыру жұмыстарын күшейтуге шақырып, жаппай кәсіпкерліктің дамуындағы банктердің ерекше ролін айтып өтті.