Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдейді

Биыл мемлекеттік қызметшілердің саны -3 343 бірлікті құрады. Есепті кезеңде 18 қызметші мемлекеттік қызметтен кеткен. Ал жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардан 6 адам өз өтінішіне сәйкес жұмыстан босатылған.Сонымен қатар мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге 447 адам тестілеуге қатысып, оның 29,7 пайызы шекті мәннен өтті.


Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлімдеді.
-Биыл жергілікті атқарушы органдар бойынша 600 қызметшінің білімін жетілдіру жоспарланды. Қазіргі таңда қайта даярлаудан - 19, біліктілігін арттыру курстарынан - 88 мемлекеттік қызметші өтті. Сонымен қатар Әдеп жөніндегі кеңестің 3 отырысы өткізіліп, онда 20 мәселе қаралды. Нәтижесінде,  13-і тәртіптік іс бойынша шара қолданылды. Мемлекеттік қызметке жас мамандарды бейімдеуге бағытталған «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы қайта жанданатын болады. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметке тестілеу онлайн түрде жүргізілетін болады, - деді Ғалым Тұрсынбаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: