Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды 

Бүгін актив отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңадан тағайындалған бірқатар басқарма басшыларын таныстырды.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметіне Дәрібаев Айдос Нағымадинұлы тағайындалды.
Айдос Нағымадинұлы 1987 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын «KEGOC» (КЕГОК) акционерлік қоғамының инженері болып бастаған. 
Әр жылдары Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының Сырдария, Қазалы аудандық, Қызылорда қалалық электр тораптарының директоры қызметтерін атқарды.
2014-2018 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссиясы Энергетика департаментінің консультанты, Алматы, Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды. Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры ретінде жұмыс жасады. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: