Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

“Тұрмыс және бақылау” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Қызылорда облысында 13-17 күндері аралығында “Тұрмыс және бақылау” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.


Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының бастамасымен отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласында және бұрын сотты болғандармен қылмыстарды болдырмау мақсатында 13-17 шілдеде “Тұрмыс және Бақылау” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларына сәйкес, облыс көлемінде зорлық-зомбылық жасаған адамдардың құқықтық санасына және мінез-құлықтарына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету, олардың тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 34 тұрғын 30 тәулік мерзімге полицияның есебіне алынды.
Ал ӘҚБтК-нің 54-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде учаскелік инспекторларымен келтірген ұсыныстары негізінде сотпен құқық бұзуға бейім 10 тұлғаның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, олар 3 ай мерзімге полицияның есебіне алынды. 
Есепке алынғандардың жүріс-тұрыстарына шектеулер қойылып, учаскелік полиция пунктеріне белгілі мерзімде келу міндеттелді. Одан бөлек, “мүлдем төзбеушілік” қағидатына сәйкес, 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушыққа дең қойылды. Алкоголь өнімдерін шамадан тыс пайдаланушы санатымен есепте тұрған қала тұрғыны алты ай мерзімге алкоголизм ауруынан емделуге жатқызылды. Аталған іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: