Қызылорда облысында «Автокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Қызылорда облысының аумағында "Автокөлік" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Қызылорда облысының Полиция департаменті ағымдағы жылдың желтоқсан айының 23-25 күндері аралығында облыс көлемінде «Автокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның мақсаты автокөліктерді және олардың қосалқы бөлшектері мен құралдарын ұрлау және айдап әкетудің алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қылмыстың алдын алу болып табылады.