Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі күн бұрын жоғалған 61 жастағы ер азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды.
Биылғы жылдың 5 қаңтарында сағат 17:30 шамасында Жаңақорған кенті, З.Байзақов көшесі №42 үйде тұратын 61 жастағы Данияр Якубов белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
«Аталған азаматты іздеп табу мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және еріктілерден топ құрылған. Жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде аталған азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды», -деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.