Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тасбөгет кентінде 53 отбасыға тұрғын үй кілті табысталды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде 53 отбасыға тұрғын үй кілтін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жигули Дайрабаев, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев та қатысты. 


«Халықты баспанамен қамту - мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты. Жыл сайын аймақта пайдалануға берілген тұрғын үй саны артуда. Өткен жылы 4 108 пәтерлік 300 тұрғын үй салынды. Осылайша 2400-ге жуық пәтер табысталып, 11 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Биыл мемлекеттік бюджеттен 14,3 млрд. теңгеге 1890 пәтерлік 70 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Оның 16-сы жеті қабатты болады. Мемлекет басшысы «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді», – деп атап өткен еді. Былтыр аймағымыздың барлық ауданында 450-ге жуық отбасы баспана қуанышына кенелді. Бүгін Тасбөгет кентінде 53 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл - тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Рәсімде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев баспана кілтін алған тұрғындарды құттықтады. Қоныстой иелерінің атынан мектеп мұғалімі Мереке Тауманова қуанышын жеткізіп, аймақ басшысына алғыс білдірді.
Іс-шарада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кент тұрғындары мен  құрылысты сапалы салуға атсалысқан мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: