Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Хиджабын шешкен әнші Ақбота Сейітмағамбетті жұрт сынап тастады

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет өзінің бұрынғы стиліне қайта оралды. Жақында хиджаб киіп, оранып кеткен өнер иесі қалың жұртшылықты қатты таңғалдырған болатын. Алайда, бүгінде ол орамалын толғымен шешіп, шашын жайып жүре бастады деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Ақбота Сейітмағамбет хиджабын шешіп, өзінің қалыпты киіну стиліне қайта оралған көрінеді. Бір айға жуық уақыт бойы тұмшаланып жүрген эстрада жұлдызы енді орамалын шешіп, емін-еркін шашын жая бастаған.
Оның киім үлгісіндегі өзгерісіне Instagram желісіндегі фото және видеожазбалары дәлел болмақ. 
Шоу-бизнес өкілі желі қолданушыларының өзін сынға алатынын білгендей жеке парақшасында пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп тастаған. 
Алайда, оқырмандар қауымы әртістің бұл әрекетін Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында қызу талқылап тастаған. Қалың көпшілік бастапқыда хиджаб киіп, кейін оны шешіп тастаған өнер иесіне қатысты екі түрлі ой білдірді. 
Бірі Ақбота Сейітмағамбеттің шешімін қолдап жатса, енді бірі оны мұсылман киімін ойыншық етті деп сөгіп тастады.
"Не істерін білмей жүрген адам", "Орамалмен ойнауға болмайды. Оның өзіндік қасиеті бар" , "Осылар орамал тағып қарық қылар ма еді? Бірде тағады, бірде шеше салады" , "Орамалды мазақ етті. Бұлай істегенше мүлде тақпағанын жөн еді" , "Орамал ойыншық па сендерге?" , "Несі бар екен? Жас қыз, киюге әлі ерте екенін түсінген болар. Сүрінбейтін тұяқ жоқ" , "Шешеді ме? Киеді ме? Өзі біледі", - деп жазуда желідегілер. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: