Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ортақ әдеби дәстүрлер сараланды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және Журналистика» білім беру бағдарламаларының оқытушылары Өзбекстан Республикасының Самарқанд, Ташкент қалаларында 4-8 маусым аралығында «Сыр сүлейлері шығармаларындағы Шығыстық дәстүр» жобасы аясында іссапарда болды.


Сапар барысында жобаның жетекші ғылыми қызметкері Ұлжан Жанбершиева, аға ғылыми қызметкерлері Гүлзира Оралова, Айдынгүл Төлебаева Шығыс елдері арасындағы мәдени-әдеби байланыс, әдеби мұралардағы ұқсас ортақ мотивтерді айқындау, қолжазбалармен танысу, ғылыми зерттеу еңбектерін саралау жұмыстарын жасады.
Зерттеу жұмыстары негізімен Шараф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінде болып, университет жанындағы кітапхана қорын пайдалануға мүмкіндік алды. Қордағы диссертациялық еңбектермен танысып, қазақ поэзиясындағы шығыстық дәстүр мен әлем халықтарындағы шығыстық дәстүрдің байланысын әдеби ықпалдастықты зерделеп, салыстыра қарап, сараптама жасады.
Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының «Өзбек тілі, әдебиеті және фольклор» институтының сирек қолжазбалар бөлімінде ғылыми зерттеулер жүргізді.
Нәтижесінде өзбек-қазақ әдебиетіндегі және түркі халықтарына ортақ әдеби дәстүрлер, ортақ қазына және әдеби байланыстар сараланып, қажетті материалдар жинақталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: