Дауыс беруші азаматтар үшін 45 инватакси қызметі жолға қойылған
Дауыс беру күні 45 инватакси қызметі жұмыс жасайды. Оның 16-ы Қызылорда қаласында, 29-ы аудандарда.
Қажеттіліктерге қарай учаскелерде 48 ымдау тілінің маманы қызмет атқарады. Сондай-ақ, 72 учаскеде 105 азаматқа Брайль қарпімен жазылған трафереттер қолжетімді.
Референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.
Аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис қызмет жасауда. Барлығында «егов» арнайы сервистері қамтылған.
Дауыс беру күні азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске жұмыс істеуде. Олар №198 РУ - №5 мектеп-лицей №250 РУ - №261 орта мектеп, №189 РУ - №136 мектеп-лицей, №264 РУ - №264 мектеп-лицей, №347 РУ - №271 орта мектеп.