"ҚазТрансГаз" АҚ өндірістік филиалы директорының орынбасары Қайнар Нұрлыбаевтың айтуынша, тариф қыркүйектің бірінен бастап көтерілген.
Тұрғындар бұдан былай газдың 1 текше метрі үшін бұрынғы 12 теңге 78 тиынның орнына 18 теңге 95 тиын төлейді.
"ҚазТрансГаз" АҚ техникалық директоры Равиль Исмаилов газдың қымбаттау себебін былай түсіндірді:
"Біздің компания облысқа 23 млрд теңге инвестиция салды. Бұл қаржы Жаңақорған, Шиелі, Арал, Байқоңыр, Əйтеке би сынды бес ауылға газ тарту бағдарламасына жұмсалды. 200 мыңнан астам адам көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Қазір газ тарту жұмыстары аяқталып жатыр", - деді Р.Исмаилов.
Сонымен қатар, 1-қазанда Қызылордада смарткартамен жұмыс істейтін газ есептеу құралдарын тəркілеу басталады.
Айтуларынша, он жылдан астам қызмет еткен есептеу құралдары компания үшін де, тұрғындар үшін де тиімсіз.