Қызылорда қалалық № 2 сотының сотталушы Б.-ға қатысты үкім шығарды.
Атап айтқанда, сотталған Б. Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесімен өзінің басқаруындағы жеңіл автокөлікті қаланың орталық алаңына қарай шамамен 100 км\сағ. жылдамдықпен басқарып келе жатып, осы Желтоқсан көшесін кесіп өтпекші болған жаяу жүргіншіні қағып, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекетті жасап, жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалған.
Соттың үкімі бойынша сотталушы Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, үш жылға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабымен кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігінің негізінде, қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті, үш жылға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
ҚР ҚК-нің 48-бабының 5-бөлігінің а) тармақшасына сай, сотталушы Б. бас бостандығынан айыру жазасын колония-қоныста өтейді деп белгіленген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.