Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалған ақпарат таратпау - басты талап

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұған дейін Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт науқаны кезеңінде жалған ақпарат пен манипуляциялық контенттің таралу қаупі артуы мүмкін екенін ескерткен болатын.



Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде қазақстандық танымал тұлғаның бейнесі пайдаланылған жалған жарияланымның таралып жатқаны анықталды. Онда азаматтар саяси партиялардың бірін қолдауға және бұқаралық іс-шараға қатысуға шақырылады. Сонымен қатар, аталған тұлғаның атынан саяси партияны қолдағаны үшін ақшалай сыйақы берілетіні туралы жалған уәделер таратылуда. 

Жарияланымда аты аталған тұлғаның өзі бұл ақпаратты ресми түрде теріске шығарып, оқырмандарына оның жалған екенін мәлімдеді.

Орталық азаматтардың сайлау заңнамасының негізгі талаптарын білуінің маңыздылығына назар аударады. Көп жағдайда заң талаптарының өрескел бұзылуы осындай манипуляцияларды бірден тануға мүмкіндік береді.

Сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес азаматтың  бейнесін оның жазбаша келісімінсіз үгіт материалдарында пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес  кандидатты немесе саяси партияны қолдау  үшін ақшалай төлемдер, тауарлар, қызметтер, қайырымдылық көмек, лотереялар не өзге де материалдық игіліктерді уәде ету арқылы сайлау алдындағы үгіт-насихатты  жүргізуге тыйым салынады. 

Сондай-ақ, таралып жатқан жарияланымда өткізілуі ресми түрде расталмаған бұқаралық іс-шараға қатысуға шақырулар бар. Рұқсат етілмеген бұқаралық іс-шараларға қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және тек уәкілетті субъектілер арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтарды мұндай жарияланымдарға сын тұрғысынан қарауға шақырамыз. Егер таратылып жатқан ақпарат заң талаптарына анық қайшы келсе, саяси қолдау үшін ақшалай сыйақы уәде етсе немесе танымал тұлғалардың бейнесін олардың келісімінсіз пайдаланса, оның шынайылығына күмәндануға толық негіз бар. Сайлау науқанының барысы туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алып, тексерілмеген хабарламаларды таратпаңыз.





Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: