Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ

ҚАЗАЛЫДА ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫЕл тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазалы ауданында толымды тірліктерді тындыру көзделіп отыр. 
Аудан орталығында Тәуелсіздігіміздің құрметіне биіктігі жиырма бес метрді құрайтын зәулім монумент орнатылады. Әйтеке би кентінің орталығы Қ.Пірімов көшесіне адалдықтың үлгісі Бегім ана мен «Асандар көтерілісінің» құрбандарына ескерткіш қою да жоспарда бар.
Сонымен қатар, биыл даңқты қолбасшы Жалаңтөс баһадүрдің 440 жылдығын кең көлемде атап өту көзделуде. Батыр құрметіне Қазалы ауданының орталығынан еңселі ескерткіш салуға байланысты аудан әкімі Нажмадин Шамұратов бастаған ел ағалары Өзбекстан Республикасы, Самарқан қаласындағы баба бейітіне арнайы барып, зираттап қайтты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: