Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғандық чемпион Шыңғыс Молдахметов дауыс берді

Жаңақорған ауданы №335 сайлау учаскесінде пара армрестлингтен Азия чемпионы, жерлес спортшымыз Шыңғыс Молдахметов өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысқан чемпион азаматтық ұстанымын білдіріп, әрбір тұрғынның өз таңдауын жасауы қоғамның болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
–Әр азамат өзінің дауыс беру арқылы ел дамуына үлес қоса алады. Спортта жеңіске жету үшін жауапкершілік пен табандылық қажет болса, қоғам өмірінде де әр азамат өз жауапкершілігін сезінуі керек. Бүгін мен де азаматтық борышымды орындап, өз таңдауымды жасадым. Жастарды ел болашағына бейжай қарамай, белсенді болуға шақырамын, – деді Шыңғыс Молдахметов.
Халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген жерлес спортшының бұл қадамы жас ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Шыңғыс Молдахметов өз таңдауы арқылы ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азамат екенін көрсетті.
Сайлау учаскесінде дауыс беру барысы белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындар өз таңдауын жасауда.
 
#ЖаңақорғанАуданы
#ҚұрылтайСайлауы
#23Тамыз
#Сайлау
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: