Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тәжікстаннан қосымша 300 млн. текшеметр су келеді

Биылғы жылы Сырдария өзенінің бассейніндегі су тапшылығына байланысты күрделі су жағдайы қалыптасты.
Осыған орай ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Душанбе қаласында Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Д. Джумамен кездесіп, тәжік тарапымен «Бахри Точик» су қоймасынан биылғы жылғы маусым-тамыз аралығында 315 млн. м3 суды қосымша ағызу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Бұл көлем Түркістан және Қызылорда облыстарында вегетациялық кезеңде суармалы су тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.
«Түркістан және Қызылорда облыстарының қажеттіліктері үшін Сырдария өзені бассейніндегі су жағдайының қиындығын ескере отырып, тәжік тарапы Қырғызстан Республикасы Тоқтоғұл су қоймасынан ағызатын су көлемінен басқа, маусымнан тамызға дейін «Бахри Точик» су қоймасынан қосымша 315 млн.м3 су жеткізуге келісті. Қазақстан өз кезегінде Тәжікстанға «Бахри Точик» су қоймасының қосымша жұмыс істеуінің теріс салдары туындаған жағдайда материалдық-техникалық қолдау көрсетеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: