Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТӨСЕНІШ ПЛИТКАЛАРЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТӨСЕНІШ ПЛИТКАЛАРЫ ШЫҒАРЫЛАДЫСексен мыңға жуық тұрғыны бар Жаңақорған ауданында уақыт өткен сайын салынып жатқан құрылыс нысандарының саны артуда. Сәйкесінше, құрылыс заттарына сұраныс көбейді. 
Осы ретте, Кәсіпкерлер палатасынан кеңес алған Әсем Шауенова ауданда құйматас шығаратын шағын цех ашуға бел буады. Өткен жылы кәсібін ашқан Әсемге Кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиалы көмекке келіп, бизнес жоспарын, қаржыландыруға қажетті құжаттарын әзірлеп берді және «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталық арқылы жобасын қаржыландыруға мүмкіндігі бар екендігі жөнінде кеңес берді.Кәсіпкер қыз несиеге алған 9,7 млн.теңге қаржыға көрші Ресейден төсеніш плиткаларын шығаратын құрылғы алып орнатты. Жаңа аппарат бір күнде 300 шаршы метр өнім шығарады. Әсіресе, жазда кәсіпорынның жұмысы қызады.
Айта кету керек, жеке кәсіпкер қыс мезгілінде 5 адамды, жазда 15 адамға дейін жұмыспен қамтуда. Құйматаспен қамтамасыз етуге байланысты кәсіпкер аудан әкімшілігімен, аудандық шипажай басшылығымен келісімшартқа отырған. Тіпті көршілес Түркістан қаласынан да өнімді арнайы келіп алып кетеді. Бұл өнімнің сапасының жоғарылығы және бағасының да көңілге қонымды болғанымен байланысты. Кәсіп иесі алдағы уақытта осы жаңа құрылғыны қосу арқылы шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: