Қызылорда өңірі тұрғындарының 94 пайызы таза ауыз су ішеді
Қызылорда облысының 262 елді-мекенінің 185-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Онда ауыл тұрғындарының 94 пайызы өмір сүріп жатыр.
Тиісті министрліктің есептеуінше, бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді.
Соңғы екі жылда таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысына 15 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 54 пайызға артық. Өткен жылдың өзінде бұл мәселені шешуге 6 миллиард теңге қаржы тартылды.