Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтҚ-нің 442-бабының 2 бөлімімен азамат «Б.-ға» қатысты әкімшілік іс қаралды.
Материалдардың мәні бойынша 2015 жылдың ақпан айының 20-күні, сағат 23.45-тер шамасында, Әйтеке би кенті, Жаңқожа батыр көшесінің бойында, жасы кәмелетке толмаған 29.10.1999 жылы туған баласы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде болғаны анықталып, әкесі Б. баласына ешқандай қарамай осы әрекетімен ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы азамат Б. құқық бұзушылық әрекетін мойындап, заң алдында кешірім сұрады.
Соттың қаулысымен Б-ға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен ескерту жасалды.