Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ұрланған бұрғы аппаратын 2 млн. теңгеге сатты

Ұрланған бұрғы аппаратын 2 млн. теңгеге сатты
Жалағаш аудандық сотында аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Груп 4 СК» ЖШС-де қызмет еткен сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Аудандық соттың мәліметіне сйүенсек, сотталушылар ұйымдасқан келісімге келіп, "Юг-Транс-Групп" ЖШС-гі мекемесіне тиесілі бұрғы аппаратын жасырын ұрлап, сатып жіберген. Түскен пайданы, яғни 2 000 000 теңгені өзара теңдей бөліскен. Сот талқылауы барысында сотталушыларға жәбірленуші жақ кешірім берген. Сонымен қатар, олардың бұрын сотты болмағандығы, жас балалары бары екені ескерілді.  
Сотталушы А. 1997 №167 ҚР ҚК-нің 175 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танып, 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталушы М.-ға да осы бап бойынша шешім қабылданды.  ҚР ҚК-тің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп санап, оларға 3 (үш) жыл сынақ мерзімі берілді.
Ал, сотталушылар К. мен А. 16.07.1997 жылғы №167 ҚР ҚК-нің 28 бабының 5 бөлігі арқылы 175 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындап, осы Кодекстің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп санап, оларға 2 (екі) жыл сынақ мерзімі тағайындалды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: