Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы өткізілді

Облыстық ассамблея хатшылығы, Қоғамдық келісім орталығы және облыстық саясаткер-әйелдер Клубының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 5 сәуірінде Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығында (Жастар үйі) «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы өткізілді.
Акция Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы төңірегінде аталып өтті. «Жастар үйі» 16-29 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға арналған. Акция «Жастар үйінің» директоры Жүсіпәлиев Марат Қамбарұлының алғы сөзімен басталып, шағын концерттік бағдарламаға ұласты. Жүрек жылуын сыйлаған кездесуге «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Щербакова Г. «Сенім» емханасының басшысы Аяпова Ж., ТОО «Асар М» директорының орынбасары Айтбаева Г., қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жумадильдаева Н., сынды бірқатар көшбасшы әйелдер қатысып, жастарға аналық мейірімдерін көрсетті.
Кездесудің ерекшелігі «Жастар үйінің» тәрбиеленушісі Гүлнұр Серікболдың өз бақытын тауып, үлкен өмірге қадам баспақшы болғандығында. Сонымен бірге Жан Әбілдаев атты тәрбиеленуші де өз қалауын тауып, отбасын құру ниетін білдірген. Осыған орай қайырымды жандар тарапынан бұл екі жасқа теледидар, ыдыс-аяқ, қыз жасауына қажетті және тағы басқа тұрмыстық заттарын, қаржылай сыйлықтарын табыстады. Сондай ақ, қонақтар тәрбиеленушілерге арнайы әзірлеген тәттілер мен әдеби кітаптар тарту етті. Ана мейірімділігін сезінген жастар қонақтарға өз ризашылықтарын білдіріп, оларға әсем ән мен тәтті күйлерін тарту етті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: