Арал ауданы Жетес би ауылдық округі әкімі М.Жақсылықтың 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті кездесуі өтті.
Есепті кездесу барысында өткен жылы округте «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында аудандық бюджеттен 8,5 млн теңге қаржы қаралып, Райым және Ескіұра елді мекендеріне толығымен жарықтандыру жүргізілгені баяндалды. Сонымен қатар, басты мәселенің бірі Райым ауылының кіреберісіне автожол салуға мемлекеттік бюджеттен 208 млн теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ, БҰҰ-ның «Даму» бағдарламасының демеушілігімен «Советжарма» каналының техникалық құжаттары әзірленген. Бұған қоса, былтыр жобалық құны 19694537 мың теңгені құраған 50 орынды мектеп және 20 орынды балабақша құрылысы бастау алған, биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Былтыр «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша бір мұғалім тұрғын үй сатып алуға қол жеткізді.
Жыл көлеміндегі жұмыстарды саралаған есепті кездесуде көпшілік ризашылықтарын білдірді.