Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Түлектерге кәсіптік бағдар берілді

Түлектерге кәсіптік бағдар берілдіАрал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясының акт залында мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі. 
Жиынға Қызылордадағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, медицина, политехникалық және индустриалды-техникалық колледждері, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжі, Аралдағы индустриалды-техникалық колледжі, Арал көпсалалы колледж өкілдері қатысты. Барлығы 11 оқу орны өз мамандықтарын, материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Қала мектептерінен 300-ден астам мектеп бітіруші түлектер кәсіби мамандықтар жайлы толық ақпарат алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: