Тыйым салынған затты тексеруден жасырып беруге әрекеттенген
Құқық бұзушы үстіміздегі жылдың 6 мамырында сағат 13:15 минут шамасында ҚР ІІМ ҚАЖК Қызылорда облысы бойынша департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің №3 бекетінен автокөліктерді тексеріп кіргізу барысында төмендегі жағдай орын алған.
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, КАМАЗ 43118 автокөлігін тінту барысында кабина ішінен «Парламент» шынысына құйылған 100 грамм спирттік ішімдігі табылып, аталған мекеме қызметкерлерімен ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.
Құқық бұзушы Б.А.-ның әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен дұрыс дәрежеленген, себебі ол ЗК-169/5 мекемесінде, яғни түзету орнында және оның аймағына аталған мекемеде сақтау мен пайдалануға тыйым салынған затты тексеруден жасырып беруге әрекеттену пиғылымен өткен.
Сот құқық бұзушы Б.А.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасады.