Үстіміздегі жылғы 11 шілдеде Арал ауданының Қамбаш көлі жағасында облыс балықшыларының бірінші слеті өткізіледі.
Айтулы шараға қатысушылар саланың тарихына қатысты жәдігерлермен, балық өнімдерінің көрмесімен танысады. Слетте еңбек озаттарын марапаттау шаралары өткізіліп, балық аулау мен ескекті қайықпен жарыс сайыстары ұйымдастырылады. Сонымен бірге слетке қатысушылар гала-концертті тамашалайды.