Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыста «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Облыста құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. 
Шара барысында анықталған 147 қылмыстың 87-сі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марат Рахметов хабарлады.
-«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол апатына қатысты 1400 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.Сондай-ақ, жалға берілетін 480 пәтер тексерілді. Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен - 293, ұсақ бұзақылық жасаған - 507, көші-қон заңнамасын бұзған - 34 шетелдік азамат анықталды. Ал жыл басынан бері 3 807 жол-көлік оқиғасы тіркелді,- деді Марат Рахметов.
Айта кетейік, 24-30 қаңтар аралығында республикалық «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Нәтижесінде, 413 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, 35 құқық бұзушының мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: