Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАҚСТАНДА ТАҒЫ 38 МЕДИЦИНАЛЫҚ АЙЫҚТЫРҒЫШ АШЫЛМАҚ

ҚАЗАҚСТАНДА ТАҒЫ 38 МЕДИЦИНАЛЫҚ АЙЫҚТЫРҒЫШ АШЫЛМАҚ

 

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев медициналық айықтырғыштарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2010 жылы 32 медициналық айықтырғыш (қазіргі уақытта «Уақытша бейімдеу және оңалту орталықтары») денсаулық сақтау органдарының құзыретіне тапсырылды, бұл ретте мас адамдарды тиісті орындарға жеткізу функциясы ішкі істер органдарының құз
Сонымен қатар, оның айтуынша, ел ішінде барлығы осындай 29 орталық жұмыс істейді, оларда барлығы 598 төсек-орын бар және олар қажеттілікті толық қамтамасыз етпейді.
«Біз қолданыстағы орталықтарды 240 төсек-орынға кеңейтуді ұсынамыз, сонымен қатар 595 төсек-орынды қамтитын қосымша тағы да осындай 38 орталық ашуды ұсынып отырмыз»,- деді А. Садубаев.
Оның айтуынша, мұндай мекемелер барлық аудан орталықтарында болған. Қазіргі уақытта олар тек қалалар мен облыс орталықтарында жұмыс істейді. Біз еліміздің барлық аудандарын қамтуды көздеп отырған жоқпыз. Жекелеген үш-төрт аудандар үшін бір орталық бөлсе, жеткілікті болады.
Сондай-ақ ІІМ-нің өкілі өзге проблемаға да тоқталды.
Ол заңнамаға сәйкес әкімшілік қамауға алу туралы сот шешіміне дейін полиция маскүнемді үш сағат қана ұстай алады. Мысалға, күйеуі үйінде жанжал шығарса, әйелі полиция шақырады. Үш сағат өткеннен кейін оны үйіне жібереді. Одан әрі ол мастығынан айықпастан отбасына қайта тиіседі, зомбылыққа баруы мүмкін.      
«Сондықтан мас күйіндегі адамды мәжбүрлі емдеуге ресімдеу және жіберу рәсімдерін өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлеудеміз», - деп түсіндірді А. Садубаев.
Айта кетейік, қазіргі уақытта мас күйде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жоғары деңгейде болуы (ағымдағы жылғы 9 айда мас күйде 14 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалды, ал 2015 жылғы 12 айда бұл көрсеткіш 12,7 мыңды құрады). Мас күйде құқықбұзушылық жасағаны үшін ұсталған адамдар саны көбейді (ағымдағы жылғы 9 айда мас күйде жасаған 200 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, ал 2015 жылғы 12 айда бұл көрсеткіш 203,6 мыңды құрады). 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: