Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қалалық сот алаяқтарға үкім шығарды

Қалалық сот алаяқтарға үкім шығардыҚызылордада екі әйел бір жыл бойы алаяқтық жолмен көптеген адамдардың сеніміне кіріп алдап келген. Олардың арбауына түскендердің саны қазір 43 адам болып тұр. Бұл жөнінде Kogamtv.kz хабарлады.
Қалалық сот залы ине шаншарға орын жоқ дегендей лық толы. Сот 43 жәбірленушінің талабын қарауда. 43 аңқау банкілерден несие алып беремін деген арбауға түскендерін енді біліп отыр. Оларды отырғызып кеткен екі алаяқ әйел. Алдында қарық болардай көмектесемін дегендердің көлеңкесінде жүгіріп жүргендер енді кешегі сенгендерін бүгін бүгерлеуге алмақ. «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деп ойламаған, оқыған, көзі ашық азааттар енді «құдай көзімізді байлады» деп сот жағалап әділдік іздеуде.
Алаяқтар өздерінің кәсіптерін шыр айналдарғандары соншалықты, жұғысып кеткендері жібіп жүре беретіндей болған. Екеудің бірі тәжірибелі алаяқ. Қаншама әккі болса да әділдіктің құрығынан құтыла алмай осының алдында ғана айыпты болғын. Шартты жазамен құтылған ол өзіне сенгендерге, сөзіне ергендерге енді құрық тастай бастаған еді. Амал жоқ Құқы қорғаушылардың құрған қармағына тағы да сағағынан ілінді.
Сот істі бүге-шігесіне дейін қарады. Әрбір жәбірленушіні жаке-жеке тыңдады. Алаяқтардың әдіс-айлаларын зерттеді. Барлғы хатталып, іс анықталып болған соң асықпай нақты нүктесін қойды.
Сот шешімі бойынша алаяқтар Ахметова мен Құрмантаева адымен алдап алғандарын құрықтарына ілінгендерге қайтарып бермек. Ол үшін оларға бір ай мерзім беріліп отыр. Ал, қарпып қалғандарын қайтара алмаған жағдайда жазаның екінші кезеңін орындауға, яғни қолымен істегенді мойындарымен көтеруге көшеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: