Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Желіде маңғыстаулық мемлекеттік қызметкердің туған күнінде түсірілген видео тарады

«No comment. Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова өзінің туған күнін атап өтті» деген түсініктемесі бар видео Yedilov online Telegram-каналында пайда болды, деп хабарлайды өңірлік портал Lada.kz. Бұл жөнінде 365info.kz жазды. 
Өңірдің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова 13 қыркүйек күні өзінің туған күнін атап өтті дейді хабарлама авторы.
Кадрлардан мерекенің киіз үйде ұйымдастырылып, әйелдердің ер адамдарға сыйлықтар таратқаны көрінеді. Видеода қатысушылардың бірі екіншісінің мойнына алқа тағуда. Мерекеге келген көптеген қонақ қол шапалақтап құттықтауда.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті лауазымды тұлғаның жаппай іс-шара өткізу фактісі бойынша тексеру жүргізді. Марина Әлбекова карантинді бұзу фактісін мойындап, айыппұл төледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: